• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Тағылымдама есебі

Білім және ғылым саласындағы ҚР-ның бағдарламалық құжаттарын іске асыру және болашақ мамандарды даярлауды жетілдіру мақсатымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде өзара ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, эксперименттік база құру өткізу үшін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Баишев Университетінің арасындағы келісімшарт негізінде (18.01.2021ж.) 7М01711 Қазақ тілі мен әдебиеті (Лингвист-зерттеуші) білім беру бағдарламасының білім алушылары академиялық күнтізбеге сәйкес 2025 жылдың 07-22 сәуірі аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті базасында тағылымдамадан өтті.

2-курс магистранттары С.К. Саркулова, А.Қ. Миымова 2025 жылы 10 сәуір күні Phd докторы Гюзел Узюк түркітанушының дәрістеріне қатысып, түркі тілдерінің сайты туралы кеңес алды, сұрақ-жауап арқылы тәжірибе алмасты. Ф.ғ.д., профессор Мұрат Бөкенбайұлы Сабыр, ф.ғ.д., профессор, академик Алпысбай Мусаевич Мусаев және кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Марат Кайржанович Ажгалиевтермен кездесіп, тәжірибе алмасып, тағылымдаманың іс-жоспарымен танысып, ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерттеу, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың, диссертациялық зерттеу деректерін өңдеу мен мәнін түсіндірудің, талқылаудың дағдыларын қалыптастыру мақсатында еңбектеніп, есеп дайындады. Сонымен қатар, ғылым апталығына сәйкес, ҚР жоғары оқу орындарымен тікелей онлайн және офлайн форматтағы конференцияға қатысып, қызықты ақпараттар алды. Кітапханамен байланыс орнатып, дереккөздермен танысып шықты.

Сонымен қатар магистранттар «Жаһандық экономикалық эволюция: цифрлық дәуірдегі проблемалар мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясына, «Жаңа Қазақстандағы тілдік тенденциялар: тілдік білімді трансформациялау аспектілері» атты дөңгелек үстелге қатысып, баяндама оқыды, конференция, секция жұмыстарындағы тіл және әдебиет материалдары бойынша өзекті мәселелердің талқылануына атсалысты.

Skip to content