• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

8 қазанда Ақтөбе облысы әкімінің жас ғалымдармен кездесуі өтті

8 қазанда Ақтөбе облысы әкімінің жас ғалымдармен кездесуі өтті. Кездесуге энергетика, экология, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында жобалармен айналысып жүрген жас зерттеушілер қатысты.

Кездесуге Баишев Университетінің өкілдері де (PhD философия докторлары Даев Ж.А., Балмагамбетова В.М., Сайтбеков Н.Д., ғылым және инновация департаментінің директоры Калыбекова Ж.Т.) қатысты.

Қатысушылар өндіріс тиімділігін арттыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және жаңартылатын энергетиканы дамытуға бағытталған өз жобаларын таныстырды.  

Ғылым мен инновацияны дамыту мақсатында 2024 жылдың қыркүйек айында облыс әкімдігі жанынан Ғылыми кеңес құрылып, оның құрамын облыс әкімі өзі бекіткен болатын. Оның құрамына 11 жетекші ғалым кірді. Бұл алаң ғылыми-практикалық шешімдер әзірлеуге, жас зерттеушілерді қолдауға және инновацияларды енгізу бағыттарын айқындауға арналған.

Кездесуде бизнес пен ғылымды интеграциялау, ғылыми идеяларды коммерцияландыру және ғылымды қажет ететін салаларға инвестициялар тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Облыс әкімі салалық басқармаларға жас зерттеушілерді гранттар беруден бастап кәсіпорындарда тағылымдамалар ұйымдастыруға дейінгі қолдау тетіктерін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, жастар стартаптары үшін технопарктер мен бизнес-инкубаторлар желісін кеңейту жоспарлануда.

Skip to content