Еріктілер клубы


Еріктілер клубы – студенттердің қоғамдық ұйымы және студенттерді еріктілер қызметіне тарту арқылы олардың ортақ мүдделері негізінде құрылған.

Еріктілер клубының мақсаты – мұқтаж жандарға көмектесу, тәуелділіктің алдын алу, студенттердің рухани дамуы мен өзін-өзі жетілдіруіне көмектесу арқылы білім алушылардың назарын позитивті құндылықтарға аудару.

Еріктілер клубы алдына мынадай міндеттер қояды:

  • білім алушылардың азаматтық және қоғамдық белсенділігін арттыру;
  • студенттер арасында позитивті құндылық бағдарларын, оның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау;
  • жастардың шығармашылық және әлеуметтік өзін-өзі қалыптастыруына жәрдемдесу;
  • студенттерді нақты қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қосу.

Еріктілер клубының негізгі қызметі:

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыс;
  • қайырымдылық шараларына қатысу (мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған адамдарға, қарт азаматтарға, босқындарға және т.б. жан-жақты көмек көрсету);
  • білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуы (интеллектуалдық шығармашылық іс-шараларды, конкурстарды, мерекелерді ұйымдастыру және өткізу);
  • халыққа арналған мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара ынтымақтасу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қызметтің өзге де бағыттары.
Skip to content Play