Азаматтық істер бойынша практикум



07.11.2024 ж. дуалды оқыту мақсатымен Ақтөбе облысы нотариалдық палатасының мүшесі Демжанова Шолпан Қасымхановнаның Ақтөбе қаласы, 101 Атқыштар бригадасы көшесі мекенжайында орналасқан кеңсесінде Баишев Университеті Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары жоғары мектебінің профессоры з.ғ.к. И.М. Телибековамен бірге «Кейс-стади» әдісін қолданып, Баишев Университеті «Құқықтану» мамандығы 4-курс білім алушыларына
«Азаматтық іс жүргізу практикумы» пәнінің №7“Оңайлатылған өндіріс” тақырыбы бойынша оңайлатылған өндірісте іс жүргізудегі жазбаша дәлелдеме ретінде азаматтық-құқықтық шарттар сұрағы бойынша практика сабақ өтті. Сабақ барысында нотариус тәжірибесіндегі
оқиғалар мен жағдайлар туралы үлгілер талданып, нотариус Демжанова Ш.К. сотта дәлелдеме ретінде азаматтық-құқықтық келісімшарттардың азаматтық сот процесінде қолданылуы туралы айтып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

Skip to content