2024 жылдың 11 желтоқсанында Баишев университетінің алаңында «Қаржы» халықаралық студенттік онлайн олимпиадасы өтті. Шараға 9 елден 250-ден астам білім алушылар қатысты. Олимпиаданың негізгі кезеңіне 26 қатысушы жолдама алды. Олар іріктеу кезеңінің сұрақтарын сәтті орындап, 20 сұрақтың 18 және одан да көп сұрақтарына жауап берді. Олимпиада жеңімпаздары барлық олимпиада тапсырмаларын орындағаны үшін алған ұпайларына сәйкес құрылған қатысушылардың рейтингтік кестесінің негізінде анықталды.
«Қаржы» халықаралық студенттік онлайн олимпиадасының жеңімпаздары:
- Жүсіпов Талғат Мырзамуратович 1-орынды иеленді, ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., Әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Калаганова Нурсулу Қыдыровна, Баишев университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы).
- Мамиконян Гор Гарикович 2-орынды иеленді, ғылыми жетекшісі – Ахметова Эльвира Ерболатовна, магистр, аға оқытушы, Баишев университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы).
- Тілеген Темірлан Ерсайынұлы 2-орынды иеленді, ғылыми жетекшісі – магистр, аға оқытушы Сагира Райхановна Қалмагамбетова, Баишев университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы).