«Ақтөбе облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің Ашық есік күні



2024 жылдың 20 желтоқсанында Баишев Университетінде «Ақтөбе облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің Ашық есік күні болып өтті. Шараға Измухамбетова М.С., облыс прокурорының көмекшісі, әділет кеңесшісі, Арыков А.К., 1-класты заңгер, облыс прокурорының көмекшісі, Жетпісбаева Ж.С., 1-класты заңгер, кадрлық қызмет аға прокуроры қатысты.
«Құқық» ББ білім алушылары прокуратура органдарында кадрларды даярлау және іріктеу тәртібімен (кәсіптік даярлауға іріктеу, алғашқы кәсіби даярлаудан өту, қызметке қабылдау, қабылдауға қойылатын негізгі талаптар, қабылдау үшін құжаттар тізімі) танысты.
Тақырып «Құқық» ББ студенттерінің арасында үлкен қызығушылық туғызды, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі туралы пікір алмасулар болды.

Skip to content