• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

PRESETT тәжірибелік зерттеулері

2025 жылғы 11 наурызда Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан мен Өзбекстанда қазіргі және болашақ ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби өсуін қолдауға бағытталған жауапты шараларды әзірлеу және енгізу: PRESETT тәжірибелік зерттеулері» жобасы аясында конференция өтті. Бұл жоба Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан), Баишев университеті (Қазақстан) және Ургенч мемлекеттік университеті (Өзбекстан) мысалында Британдық кеңестің AELTLCA бағдарламасы аясында бірлесе жүзеге асырылды.

Конференцияға Британдық кеңестің Қазақстандағы директоры Роберт Тейлор мырза және Британ кеңесінің өкілдері, жоба жетекшісі, Ph.D. докторы Оланреваджу Олаейо, сондай-ақ Ph.D. докторы Элисон Раби (Линкольн университеті, Линкольн, Ұлыбритания), кафедра меңгерушісі, Ph.D. докторы Рохатой Абидова, Ph.D. докторы Зохид Джуманиозов, Ургенч мемлекеттік университетінің шет тілдер филологиясы факультетінің деканы (Ургенч, Өзбекстан), филология ғылымдарының докторы, профессор Бибигүл Кусанова, Ph.D. докторы, кафедра меңгерушісі Жанаргүл Бейсембаева (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан), ППС мүшелері және студенттер қатысты.

Баишев университетінің делегациясын университет ректоры, Ph.D. докторы Ольга Лыгина басқарды, делегация құрамында Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Жанат Ерниязова және ағылшын тілі оқытушысы Елена Пилипенко болды.

Конференция барысында жеке тьюторингтің білім беру жүйесіндегі рөлі, ағылшын тілін үйренуде және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды, сондай-ақ жоба нәтижелері, оның ішінде дәрістерге қатысу бойынша жүзеге асырылған жұмыстар ұсынылды.

Сілтеме 1

Сілтеме 2

Сілтеме 3

Сілтеме 4

Сілтеме 5

Сілтеме 6

Сілтеме 7

Сілтеме 8

Сілтеме 9

Skip to content