Ғылыми техникалық кеңес
Жалпы ережелер
Баишев университетінің ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі-ҒТК) университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қалыптастыру және практикалық іске асыру саласындағы тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру-кеңесші және сараптамалық органы болып табылады. Өз қызметінде ол ҒТК туралы Ережені басшылыққа алады.
Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Баишев университетінің ҒТК төрағасы болып табылады. ҒТК ұйымдастыру жұмысын ғылым және инновация департаменті жүзеге асырады.
Негізгі мақсаттар мен міндеттер
ҒТК негізгі мақсаттары университеттің инновациялық қызметін дамытудың стратегиясы мен басым бағыттарын қалыптастыру және іске асыру болып табылады.
ҒТК негізгі міндеттері аккредиттеудің критериалды көрсеткіштеріне сәйкес ҒЗЖ көлемдерін алуға жәрдемдесу; университеттің ғылыми әлеуетін сақтау және дамыту; жекелеген бөлімшелердің және жалпы университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін талдау және бағалау болып табылады.
ҒТК жұмысын ұйымдастырудың құрылымы мен негізгі принциптері
ҒТК құрамында ҒТК төрағасы, ҒТК төрағасының орынбасары, ҒТК ғылыми хатшысы, ҒТК мүшелері құрылады. ҒТК мүшелігі жеке болып табылады. ҒТК құрамына проректорлар, факультет декандары, жетекші ғалымдар, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер және саланың жоғары білікті мамандары, соның ішінде ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің тиісті қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіруі мүмкін. ҒТК дербес құрамы, ҒТК төрағасы және оның орынбасары, ҒТК ғылыми хатшысы және ҒТК мүшелері университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Баишев университетінің ҒТК отырыстары кемінде екі айда бір рет өткізіледі. Баишев университетінің ҒТК әрбір күнтізбелік жылға жасалатын және бекітілетін жоспарға сәйкес жұмысты жүзеге асырады. ҒТК жұмыс жоспарын жыл сайын Баишев университетінің ректоры бекітеді.