Сапа саласындағы саясат және мақсаттар

САПА САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАР

Сапа саласындағы университеттің стратегиялық мақсаттары сапа саласындағы саясатқа сәйкес, 2023-2029 о.ж. басым бағыттардың жетістіктерімен байланысты:

  1. ҚР батыс өңірі салаларына бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету;
  2. ҚР батыс өңірі салалары үшін әлеуметтік жауапты мамандарды тәрбиелеу үшін әлеуметтік-мәдени қызметті жетілдіру;
  3. Қазақстанның батыс аймағының инновациялық дамуы үшін ғылым үлесін кеңейту
Мақсатты индикаторлар

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 1.

ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМДІ ДАМЫТУ

1 Университетті аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы бітірушілердің жұмысқа орналасу үлесі 85 %
2 Облыстың салалық кәсіпорындарының нақты қажеттіліктеріне, жаңа кәсіптердің өңірлік атласына сәйкес университеттің білім беру бағдарламаларын әртараптандыру 100 %
3 ЖОО базасында «Күміс университетті» қалыптастыру 1
Мақсатты индикаторлар

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 2.

ҮШІНШІ МИССИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

1 Ұйымдастырылған қоғамдық қызметке тартылған білім алушылардың үлесі 30 %
2 Студенттік кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бағдарламалары бойынша білім алушылардың үлесі 5 %
Мақсатты индикаторлар

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 3.

УНИВЕРСИТЕТТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ

1 Зерттеу жұмысымен айналысатын ПОҚ үлесі 40 %
2 Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын білім алушылар үлесі 20 %

 Сапа саласындағы мақсаттар Ғылыми Кеңестің мәжілісінде «26» қазан 2023 ж. №3-хаттамасымен бекітілді.