Студенттік парламент

Студенттік Парламент-Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі алқалы, кеңесші және консультативтік орган болып табылады, оның құзыретіне Баишев Университеті білім алушылары арасында мәдени-бұқаралық, ғылыми, спорттық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді.

Студенттік Парламентті оқу жылының басында сайланған Төраға басқарады.

Студенттік Парламент құрамына мыналар кіреді:

* студенттік парламент төрағасы;

* жоғары мектептердің студенттік сенаторлары;

* Жастар ісі жөніндегі комитет;

* жатақхананың студенттік кеңесі.

Студенттік сенаторлар студенттік деканат қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады, оның құрамын қалыптастырады, оның жұмысын үйлестіреді, қажет болған жағдайда білім алушылардың проблемалық мәселелерін Комитеттің қарауына енгізеді.

Жастар ісі жөніндегі Комитет (бұдан әрі-ЖІК) – студент жастардың құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау, олардың іске асырылуына жәрдемдесу, білім алушылардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешу мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.

ЖІК қызметінің негізгі бағыттары білім алушылардың құқықтарын сақтау және қорғауды қамтамасыз ету, олардың мүдделерін білдіру; студент жастардың проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; студент жастардың проблемалары бойынша конференциялар, сессиялар, форумдар жұмысына қатысу; семинарлар, “дөңгелек үстелдер”, пікірталастар, конференциялар, тренингтер өткізу; мәдени іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады;

студенттік ортадағы әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық ахуалға, сондай-ақ студенттік жатақханаларда, асханаларда, кітапханаларда рейдтер ұйымдастыруға мониторинг жүргізу; кең ауқымды ақпараттық науқандарды ұйымдастыру және өткізу арқылы студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (әртүрлі полиграфиялық өнімдерді тарату: афишалар, стикерлер, күнтізбелер, буклеттер және т.б.).

ЖІК құрамына секторлар бойынша жауапты жоғары мектеп көшбасшылары кіреді.

Жатақхананың студенттік кеңесі (бұдан әрі-” Студсовет”) студенттік жатақханаларда тұратын студенттерді тәрбие, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жақсартуға, білім алушылардың бос уақытын және салауатты өмір салтын ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге, ЖОО әкімшілігіне өз құзыреті шеңберінде тұрғын үй жағдайларын және тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсартуға көмек көрсету үшін құрылған.

                                                                                                   СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ БАСШЫСЫ                                                                                                             
Сенаторлар Студенттік жатақхананың кеңесі Жастар ісі жөнідегі комитеті
Білім берудің жоғары мектебі Қабат старосталары Ұйымдастырушы комитет
Бизнес және құқық жоғары мектебі Студенттік театр
Инженерия жоғары мектебі Еріктілер клубы
Дебат клубы
КТК
«Сұңқар» спорт клубы