Үрімшіде Қазақстан-Қытай 3-ші аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті

2024 жылғы 26 маусымда Қазақстан делегациясы Қытай Халық Республикасында өткен 3-ші Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Жұманғарин, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі А.А.Бижанова, Қазақстан Республикасының облыс әкімдері қатысты. Ақтөбелік делегациянына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.А. Елеуов басшылық етті. Ақтөбе облысының делегациясының құрамында Баишев Университеті президентінің кеңесшісі Б. Ахан, Баишев Университетінің ректоры О.И. Лыгина. Форум аясында Қазақстан мен Қытайдың ірі компанияларының өкілдері арасында B2B кездесулер өтті.
26-30 маусым аралығында Үрімшіде 8-ші халықаралық ЭКСПО «Қытай-Еуразия» көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және машина жасау өнеркәсібі өнімдері қойылған.