Әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебі жанынан консультативтік-кеңесші орган академиялық сапа жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Академиялық сапа жөніндегі кеңес университет басшылығымен, басқа да алқалы басқару органдарымен байланыс орнатады және өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Академиялық сапа жөніндегі кеңес – университеттің тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру-кеңесші және сараптамалық органы, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу шарттары, бағалау саясаты және басқа да академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, білім алушыларға білім беру бағдарламаларының және (немесе) пәндердің/модульдердің сапасына сәйкестігі тұрғысынан, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуы тұрғысынан сауалнама ұйымдастырады және т. б.
Әлеуметтік-техникалық ғылымдар Жоғары мектебі жанындағы Академиялық сапа жөніндегі кеңес даярлау бағыттарын қамтиды:
- 6B041/7M041 Бизнес және басқару
- 6B071 Инженерия және инженерлік іс
- 6B113 Көлік қызметтері
- 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
- 6B073 Сәулет және құрылыс
- 6B021 Өнер
Академиялық сапа жөніндегі кеңес төрайымы – Қайырғалиева Майра Ғайноллақызы, э.ғ.к, қауымдастырылған профессор.
Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі жанындағы Академиялық сапа кеңесі келесідей мамандарды дайындау бағыттарын қамтиды:
- 6В01 Педагогикалық ғылымдар
- 6В02311 Аударма ісі
- 6B042 Құқық
- 6В09 Ветеринария
- 6В05211 Экология
Академиялық сапа жөніндегі кеңес төрағасы – Саитбеков Нұрбол Доқтарбайұлы, PhD философия ғылымдарының докторы.