2024 жылдың 27 маусымында Баишев Университеті Ғылыми кеңесінің 2023-2024 оқу жылындағы қорытынды отырысы өтті.

2024 жылдың 27 маусымында Баишев Университеті Ғылыми кеңесінің 2023-2024 оқу жылындағы қорытынды отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды және бекітілді:

  • 2023-2024 оқу жылындағы іс-шаралардың қорытындылары туралы Оқу-әдістемелік кеңес төрағасының есебі;
  • 2023-2024 оқу жылына арналған университеттің даму жоспарының орындалуы туралы есеп;
  • 2023-2024 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау қорытындысы және аттестаттау комиссиялары төрағаларының есебі туралы есеп.

Сондай-ақ университеттің алқалы органдарының есептері және 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріндегі оқу қызметінің қорытындылары тыңдалды.

Жиын соңында ғылыми кеңес хатшысы 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Пікір қалдырыңыз