Erasmusplus бағдарламасы аясында кредиттік мобильділік

2024 жылғы 22 мен 26 сәуір аралығында филология ғылымдарының докторы, жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Б.Х. Қусанова және э.ғ.м., Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Ж.Т. Ерниязов ЕО-тың Erasmusplus бағдарламасының халықаралық кредиттік мобильділік бағдарламасы аясында Ұлттық білім беру комиссиясының университетіне (Краков, Польша) барды. Профессор Қусанова Польша университетінің магистранттарына Languages and Multilingual Speeches Communities, Language Variation, Sociolinguistics and Education тақырыптары бойынша сабақ берді. Сапар барысында з.ғ.д., Құқық, экономика және менеджмент институтының қауымдастырылған профессоры Петр Умамен, п.ғ.д., Педагогика институты деканының орынбасары  Анета Войнаровскамен және Ақпарат және кітапхана саласындағы ғылым магистрі, Заманауи тілдер институтының ағылшын филологиясы кітапханасының сертификатталған кураторы Рената Цесиелска-Кручекмен кездесулер өтті. Кездесу барысында тараптар Erasmusplus жобасы аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Серіктест университеттер 2018-2019 оқу жылынан бастап халықаралық кредиттік мобильділікті жүзеге асырып жатқанын естеріңізге саламыз.