Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық

Баишев университеті серіктес жоғары оқу орындарының білім алушыларын академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдайды. Мамандықтар тізімі

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша (оның ішінде қашықтық форматта) келетін барлық студенттер өзімен бірге барлық қажетті құжаттарды алып жүруге міндетті.

Құжаттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша өтініш (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген);
  2. үміткер, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім;
  3. оқуға арналған шарт;
  4. фото 3х4 (6 дана)
  5. ұсыныс хат;
  6. Жеке оқу жоспары;
  7. транскрипт;
  8. жеке куәліктің және/немесе ұлттық паспорттың көшірмесі;
  9. грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, олар болған жағдайда;
  10. нысан бойынша Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымына оқуға келген шетелдік азаматтың сауалнамасы (ХС департаментінде толтырылады);
  11. файлмен скоросшиватель.

Тұру:

Баишев университеті серіктес ЖОО студенттері үшін жатақханалардан орын ұсынады. Егер сіз жатақханадан орын брондағыңыз келсе, бізге алдын-ала хабарлаңыз.

2013 жылдан бастап Баишев университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес жоғары оқу орындарының студенттерін қабылдайды. Алмасу аясында Алматы технологиялық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері білім алды.