Профессор МакМахонның (СинсиннатиУниверситеті, АҚШ) Баишев Университетіне сапары

2023 жылғы 3 желтоқсаны мен 6 желтоқсаны аралығында Синсиннати университетінің (Огайо штаты, АҚШ) ақпараттық технологиялар мектебінің профессоры Расселл Макмахонның Баишев университетіне сапары болды. Сапар барысында «6В06121-Ақпараттық жүйелер» БББ-ның студенттеріне «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қорғау» пәні бойыншы, «6В07112 – Автоматтандыру және басқару: Мұнай және газ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді автоматтандыру» және «6В07111-Автоматтандыру және басқару: Көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру» БББ-ның студенттеріне «Сандық технологиялар» (Бұлтты және мобильді технологиялар, Smart-технологиялар, Электронды үкімет модулі)» пәні бойынша, «6В11311-Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру: Темір жол көлігі» және «6В11312 Тасымалдауды, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру: Автомобиль көлігі» БББ-ның студенттеріне «Электрондық құжат айналымының технологиясы» пәні бойынша дәріс және семинар сабақтарын өткізді.

Профессор Макмахон әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары мен қызметкерлеріне «Болашақтың компьютерлері», «Білім берудегі жасанды интеллект», «Силлабустарды әзірлеу (қайта қарау, жаңарту)» тақырыптарында семинар өткізіп, силлабустарды жаңарту, ғылыми мақалалар жазу және т.б. өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Баишев университет жанындағы Зерек IT мектебінің студенттері үшін киберқауіпсіздік тақырыбында қонақтық дәріс өткізілді.