Академиялық сапа жөніндегі кеңес

Әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебі жанынан консультативтік-кеңесші орган академиялық сапа жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Академиялық сапа жөніндегі кеңес университет басшылығымен, басқа да алқалы басқару органдарымен байланыс орнатады және өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Академиялық сапа жөніндегі кеңес – университеттің тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру-кеңесші және сараптамалық органы, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу шарттары, бағалау саясаты және басқа да академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, білім алушыларға білім беру бағдарламаларының және (немесе) пәндердің/модульдердің сапасына сәйкестігі тұрғысынан, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуы тұрғысынан сауалнама ұйымдастырады және т. б.

Әлеуметтік-техникалық ғылымдар Жоғары мектебі жанындағы Академиялық сапа жөніндегі кеңес даярлау бағыттарын қамтиды:

  • 6B041/7M041 Бизнес және басқару
  • 6B071  Инженерия және инженерлік іс
  • 6B113  Көлік қызметтері
  • 6B061  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • 6B072  Өндірістік және өңдеу салалары
  • 6B073  Сәулет және құрылыс
  • 6B021  Өнер

Академиялық сапа жөніндегі кеңес төрайымы – Қайырғалиева Майра Ғайноллақызы, э.ғ.к, қауымдастырылған профессор.

Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі жанындағы Академиялық сапа кеңесі келесідей мамандарды дайындау бағыттарын қамтиды:

  • 6В01 Педагогикалық ғылымдар
  • 6В02311 Аударма ісі
  • 6B042 Құқық
  • 6В09 Ветеринария
  • 6В05211 Экология

Академиялық сапа жөніндегі кеңес төрағасы – Саитбеков Нұрбол Доқтарбайұлы, PhD философия ғылымдарының докторы.