Студенттер қатарына қабылдау 2023

03.11.2023 жылы Баишев университетінде 1 курс білімалушыларын студенттер қатарына қабылдау мерекелік шарасы өткізілді. Шарада университетіміздің Әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректоры Бухарбаев Шыныбек Мұсаұлы құттықтау сөз айтып, Мұнай газ ісі» білім беру бағдарламасы 101 тобы білімалушысы Нұрлыбеков Аңсат Алматұлына білім кілтін табыс етті.

Әрі қарай жоғары мектеп декандары Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы – дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша PhD докторы Сайтбеков Нурбол Доктарбаевич және Әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебінің деканы – экономика ғылымының кандидаты, доцент Қайырғалиева Майра Гайноллаевна құттықтауларын жеткізіп барлық білімалушылар атынан «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімалушысы Әшен Айсана Бауыржанқызына студенттік билет табыстады.

Мерекелік шара Жастар ісі жөніндегі комитеттің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Барлық 1 курс білімалушыларының оқу процесіне сәттілік тілейміз.