“Теңге тәуелсіздік тірегі”

Баишев университетінде Әлеуметтік мәдени даму департаменті мен әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 15 қараша Қаржыгерлер күні және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы «Теңгенің» 30 жылдығына орай «Теңге тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік шара өткізілді. Университет ректоры Ольга Ивановна құттықтау тілегін білдіріп професорлық оқытушылар құрамы және білім алушыларға алғыс хат тарту етті. Өз кезегінде университеттің әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректоры Шыныбек Мұсаұлы төл теңгеміздің тарихы жайында баяндамасымен таныстырды.

Шара барысында келген қонақтармен интелектуалдық ойындар өткізіліп естелік сыйлықтар табысталды. .