«Ұлыстың Ұлы күні Наурыз»

Баишев Университетінде «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай мерекелік шара өткізілді. Шара барысында бірқатар оқытушылар мен ұлттық спорт түрлерінен өткізілген жарыстың қорытындысы бойынша  білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды. Университет қызметкерлері мен білім алушылар талантты жастардың өнерін тамашалап, ыстық ықыластарын білдірді. Мерекеге келген қонақтарға ыстық бауырсақтар мен наурыз көже таратылды.

Пікір қалдырыңыз