Баишев Университетінде жеңіс күніне арналған «Әкелер ерлігі есімде!» атты мерекелік шара өткізді.

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Баишев университетінің мәжіліс залында «Әлеуметтік-мәдени даму» департаменті мен Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы бірлесіп 9 мамыр – «Жеңіс күніне» арналған «Әкелер ерлігі есімде!» атты мерекелік шара өткізді.
Шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту, жас ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және патриоттық тәрбие беру.

Пікір қалдырыңыз