Бекжанова Данагүл Бекболатқызы 3 000 000 теңге көлемінде грант алды

2023 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы құрған “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялады.

Гранттар 5 бағыт бойынша ҚР азаматтарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

Ғылым” — ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді
іске асыру үшін;

Мәдениет” – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

Ақпараттық технологиялар” -жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

Бизнес” – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;

Медиа” -жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

19 желтоқсанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті. және 2023 жылғыТәуелсіздік ұрпақтарыгранттар конкурсының жеңімпаздары анықталды , оның ішінде “Ғылым”бағыты бойынша бірінші орынды Баишев университеті жаратылыстану – гуманитарлық ғылымдар ББ магистрі, аға оқытушысы Бекжанова Данагүл Бекболатқызы иеленді.

3 000 000 теңге көлемінде грантқа сертификатты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тапсырды.

Бәйішев университетінің басшылығы Бекжанова Данагүл Бекболатқызын грант алуымен құттықтайды

3 000 000 теңге мөлшерінде!

Сіздің шығармашылық идеяларыңызды жүзеге асыруда сәттілік