Білім алушылардың Шығыс академиялық ұтқырлығы
Баишев Университеті өз студенттеріне Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем бойынша 50-ден астам серіктес жоғары оқу орындарында оқу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқитын студенттер саны артып келеді. Өтінімдерді қабылдау жылына 2 рет жүргізіледі: мамыр-маусым, желтоқсан.
Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін (оның ішінде қашықтықтан оқыту форматында) студент МС департаментіне ұсынылуы қажет:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 тіркелген)бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша өтініш;
- жоғары оқу орындарын қабылдайтын және жіберетін үміткер арасында қол қойылған келісім;
- шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы нысан бойынша.
- фото 3х4 (6 дана);
- ұсыныс хат (куратордан);
- жеке оқу жоспары;
- бүкіл оқу кезеңіндегі транскрипт;
- “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Медициналық анықтама №086 нысан – Қазақстанда оқу үшін, №082 нысан – шетелде оқу үшін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күндізгі оқу);
- флюорографияның суреті (серіктес ЖОО-ның талабы бойынша, жатақханада тұру үшін);
- академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберуге үміткердің ата-аналарының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі;
- 2 жеке куәліктің және/немесе ұлттық паспорттың көшірмелері;
- оқу орнынан анықтама(серіктес ЖОО-ның талабы бойынша);
- шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK) бар болса;
- грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, бар болса;
- қалта байланыстырғыш.