Көңілді тапқырлар клубы (бұдан әрі – КТК) – жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, төзімділікті, шығармашылық әлеуетті, актерлік ойынды дамытуды жүзеге асыратын білім алушылардың ерікті бірлестігі.
КТК мақсаттары мен міндеттері:
* жастар КТК қозғалысын дамыту және қолдау;
* жастар саясатын іске асыру;
* жастарды белсенді саяси және қоғамдық өмірге тарту;
КТК қозғалысын насихаттау және КТК жергілікті командаларын қазақстандық және халықаралық деңгейге көтеру;
* жастар ортасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік-жауапты мінез-құлық дағдылары, сондай-ақ гуманизм құндылықтары мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешіледі:
* белсенді көркемдік-эстетикалық қызмет түрлері арқылы жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
* өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
* КВН қатысушыларының шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру;
* жастарға патриоттық тәрбие беру;
* оқу орындары мен студенттік ұжымдар арасындағы достық байланыстарды кеңейту;
* КТК және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тарту үшін ең белсенді және креативті тұлғаларды анықтау;
КТК қызметінің бағыттары
* КТК ойындарында өнер көрсетуге дайындық;
* университет командасының әр түрлі деңгейдегі КТК сайыстарына тұрақты қатысуы;
* университеттің мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, оның ішінде мемлекеттік және Ұлттық мерекелер кезінде қатысу;
* КТК ойындарына қатысу үшін кіші курс студенттерін дайындау және оқыту, жас ауысымды тәрбиелеу.
* ұйым мүшелері-жасөспірімдер үшін өз біліктері мен дағдыларын пайдалану және қабілеттерін басқа адамдарға пайда келтіру арқылы өзін-өзі жүзеге асыру жағдайларын жасау;