Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру.

Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.

Іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді.

Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекенжайлары төменде көрсетілген) 2024 жылғы 7 ақпаннан 7 наурызға дейін жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1.  Қазақстан Республикасының азаматтығы.

2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.

3. Жоғары заңгерлік білім.

Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және Комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында өткізіледі.

Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша өткізіледі:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексі;

3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Академияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі: 6 ай (Академияда 5 ай оқу + бір айға дейін тағылымдама).

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Ақтөбе облысы прокуратурасының анықтама телефондары: 8 (7132) 90- 14-58, 8 (7132) 90- 14-59

Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 12:30-ге дейін, және 14:30-дан 18:30-ға дейін қоңырау шалу.

Пікір қалдырыңыз