Студенттік парламент

Студенттік Парламент-мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі алқалы, кеңесші және консультативтік орган болып табылады, оның құзыретіне мыналар кіреді: Баишев университетінің білім алушылары арасында мәдени-бұқаралық, ғылыми, спорттық жұмысты ұйымдастыру және өткізу.

Студенттік Парламентті оқу жылының басында сайланған Төраға басқарады.

Студенттік Парламенттің құрамына:

  • Студенттер Парламентінің Төрағасы;
  • Жастар ісі жөніндегі Комитет;
  • Жатақхананың студенттік кеңесі.

Студенттік сенаторлар студенттік деканат қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады, оның құрамын қалыптастырады, оның жұмысын үйлестіреді, қажет болған жағдайда білім алушылардың проблемалық мәселелерін Комитеттің қарауына енгізеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет(бұдан әрі — ЖІЖК)-студент жастардың құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау, оларды іске асыруға жәрдемдесу, білім алушылардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешу мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.

ЖІЖК қызметінің негізгі бағыттары білім алушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, олардың мүдделерін білдіру; білім алушы жастардың проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; білім алушы жастардың проблемалары бойынша конференциялар, сессиялар, форумдар жұмысына қатысу; семинарлар, “дөңгелек үстелдер”, пікірталастар, конференциялар, тренингтер өткізу; Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады;

студенттік ортадағы әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық ахуалға мониторинг жүргізу, сондай-ақ студенттік жатақханаларда, асханаларда, кітапханаларда рейдтер ұйымдастыру; кең ауқымды ақпараттық науқандарды ұйымдастыру және өткізу арқылы студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (полиграфиялық өнімдердің әртүрлі түрлерін тарату: афишалар, стикерлер, күнтізбелер, буклеттер және т.б.).

Жатақхананың студенттік кеңесі (бұдан әрі — “Студсовет”) студенттік жатақханаларда тұратын студенттерді тәрбиелеу, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жақсартуға, білім алушылардың бос уақытын және салауатты өмір салтын ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге тарту үшін, ЖОО әкімшілігіне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және өз құзыреті шегінде тұрмыстық қызмет көрсету.