Рақымжан Қошқарбаев 100 жыл

2024 жылдың 12 ақпанында Баишев университетіннің мәжіліс заланда халық қаһарманы, Берлинде Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Ұлы отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай шара өткізілді. Шара барысында жастарға батыр туралы көркем фильм көрсетілді.
Шараның мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру, отан сүйгіштікке үйрету.
Аталмыш шара барысында университетіміздің оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Телибеков Бақытбек Арыкбаевичтің әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері Телібеков Арықбай атамыз туралы білім алушыларға ақпараттар айтылды.

Пікір қалдырыңыз