Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты !

“Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты !” тақырыбында Баишев университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысы, № 31-ші қазақ орта мектебінің мұғалімі Есқалиева Дариға Нәсіпқалиқызымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Дариға Нәсіпқалиқызы сол жылғы ызғарлы желтоқсан жайын сөз етіп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында университет ректоры Лыгина О.И. бірқатар оқытушылар мен қонағымыз Дариға Нәсіпқалиқызына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Шараны ұйымдастырушылар: «Құқықтану» білім беру бағдарламасынының басшысы В.М.Балмағамбетова, аға оқытушы Д.Д.Сарбаев және Әлеуметтік мәдени даму департаменті

Пікір қалдырыңыз