«Білім берудегі, ғылымдағы және техникадағы инновациялық технологиялар: проблемалар, үрдістер, перспективалар»

2024 жылдың 18 сәуірінде әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебінің «АКТ, инженерия және көлік қызметтері» даярлау бағытының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жылдығына орай және ғылыми декада аясында «Білім берудегі, ғылымдағы және техникадағы инновациялық технологиялар: проблемалар, үрдістер, перспективалар» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Оренбург Мемлекеттік Университеті, Қожа Ахмед Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Astana IT University профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинардың мақсаты оқытушылардың инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату: оқытушылардың инновациялық қызметке тұрақты ішкі уәждемесін қалыптастыру және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Семинарда жоғары білім беру үдерісіне инновацияларды енгізудің көптеген өзекті мәселелері талқыланды.

Пікір қалдырыңыз