Баишев университетінің білім алушыларының Ақтөбе облысының прокурорымен кездесуі

2023 жылғы 20 қазанда Ақтөбе облысының прокуратура ғимаратында “құқық” ББ Баишев университетінің 3,4 курс білім алушылары Ақтөбе облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Х. З. Дауешовпен кездесті.

Студенттермен прокуратура органдарының өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырудағы рөлі туралы қызықты диалог өтті . Прокуратура мемлекет атынан Заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Студенттерге ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына іріктеу тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу туралы “Сенің таңдауың”фильмі көрсетілді. Кездесу соңында білім алушылар Ақтөбе облысы прокуратурасы мұражайының экспонаттарымен танысты.