Интернационалдандыру: сапаны бағалау және тәсілдері

2024 жылдың 29 ақпаны мен 1 наурызында Қазақстандағы Британ Кеңесі «Интернационалдандыру: сапаны бағалау және тәсілдері» тақырыбында екі күндік форум ұйымдастырды. Форумның пленарлық отырысында Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич ханым, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері Гүлзат Көбенова және Әділет Тойбаев, Британ кеңесінің білім жөніндегі директоры Маддалейн Ансел және Қазақстандағы Британ кеңесі Роберт Тейлор құттықтау сөз сөйледі. Форум барысында Қазақстан мен Ұлыбритания университеттерінің сарапшылары Қазақстандағы интернационалдандыру стратегиясын жүзеге асыру барысы, InterLinks гранттарының нәтижелері, серіктестіктің қол жеткізген табыстары мен олардың алдында тұрған міндеттерді талқылады.

Сонымен қатар, Форум аясында Ұлыбританияның Сапаны қамтамасыз ету агенттігінің (QAA) сарапшылары – Пирс Уолл және Шеннон Стоуэрс Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы әріптестіктің тәжірибелік мысалдарын пайдалана отырып, трансұлттық білім беру сапасын бағалау және қамтамасыз ету бойынша семинар өткізді.

Форумда Бәйішев университетінің атынан халықаралық қатынастар департаментінің директоры, университеттен Going Global Partnerships бағдарламасының үйлестірушісі Жанат Ерниязова қатысты.

Еске салайық, 2022 жылы Бәйішев университеті мен Линкольн университеті (Линкольн, Ұлыбритания) құрған серіктестік InterLinks грантына ие болды, университеттер арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, трансұлттық білім беруді дамыту мақсатында бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізілді. .

Пікір қалдырыңыз