Лодзь технологиялық университетінің PhD профессоры Вальдемар Манюкевичтің ғылыми семинары

2023 жылдың 23 қарашасында Лодзь техникалық университетінің (Польша) PhD докторы Вальдемар Манюкевич Бәйішев университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен «Ғылыми мақала жазу ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында Scopus және Web of Science мәліметтер базасымен жұмыс жүргізілді. Профессор деректер базасының деректері ғылыми мақалалар жазу барысында таңдалған тақырып бойынша зерттеулерді табу үшін өте қолайлы екенін, дерекқордағы деректерді қалай іздеу керек, оны қалай пайдалану керек, сонымен қатар өз жұмысыңызды жариялауды үйрену үшін өте қолайлы екенін түсіндірді. Ол Scopus және Web of Science негізінде ғылыми мақалалар жазу және жариялау тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар ғылыми мақала жазу ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Пікір қалдырыңыз