«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)» Брейн-рингі өткізілді.

2024 жылғы 17 сәуірде сағат 10.00-де «Құқықтану» мамандығы 2 курс студенттердің қатысуымен Баишев университетінің ғылым Онкүндігінің Жоспарына сәйкес жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің профессорлары, заң ғылымдарының кандидаты Бақытбек Арықбайұлы Телибеков пен заң ғылымдарының кандидаты Ирина Меңдігереевна Телибекованың ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)» Брейн-рингі өткізілді. Брейн-ринг барысында студенттер командалары «Миға шабуыл», «Шағын топтарда жұмыс істеу», «Мәзір» сияқты оқыту әдістерін қолдану арқылы, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды қадағалау бойынша тапсырмаларды орындады. 2 курс студенттері азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық терминология мен қолданыстағы құқық туралы түсініктері мен білімдерін, теориялық білімді практикада қолдана білуін және заңды түсіндіре білуін көрсетті. Қазылар алқасы командалық жұмыстың үйлесімділігін, ондағы рөлдердің дербес бөлінуін, студенттердің командадағы іс-әрекеттерінің келісімділігін, Қазақстан Республикасының заңнамасында бағдарлану, ахуалдық міндеттерді шешу үшін нормативтік құқықтық актілерді қолдану, құқықтық құжаттарды талдау, жауаптарды тұжырымдау, оларды қағаз жеткізгіште ресімдеу қабілетін бағалады.

Пікір қалдырыңыз