«Заң консультанттары палатасының қызметіндегі цифрлық технологиялар»

2024 жылғы 18 сәуірде сағат 11.00-де Баишев Университетінің ғылым Онкүндігінің Жоспарына сәйкес Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің профессорлары, заң ғылымдарының кандидаты Бақытбек Арықбайұлы Телибеков және заң ғылымдарының кандидаты Ирина Меңдігереевнамен Телибекова «Заң консультанттары палатасының қызметіндегі цифрлық технологиялар» тақырыбында Дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысы барысында азаматтық және қылмыстық процеске заң консультанттарының қатысуымен цифрлық технологияларды қолдануды құқықтық реттелуі, цифрлық технологиялардың көмегімен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот кабинетінің сайтында сенімхатты ресімделуі, eOtinish.kz сайт арқылы мемлекеттік органдарға жүгіну, сондай-ақ Ақтөбе облысының заң консультанттар Палатасының қызметінде цифрлық технологияларды пайдалану туралы мәселелер қарастырылды.

Пікір қалдырыңыз